"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында жастар арасында онлайн семинар өткізді.
«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының бөлім басшысы Данияр Қожахметов "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында жастар арасында онлайн семинар өткізді. Семинардың басты мақсаты Арқалық қаласында кәсіпкерлік бастама көтерген жастарға, жүйеленген және қол жетерлік білім беру. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Осындай тиімді бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы 2020» болып табылады. Егер Сіздің бизнесіңіз Бағдарламаға қатысушыларға арналған экономиканың басымды салаларының тізіміне енсе, Сіз екінші деңгейлі банктерде несие рәсімдеу кезінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиеге кепіл беру сияқты мемлекеттік қолдау шарасын пайдалана аласыз деп - семинар барысында айтып өтті.

