Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бизнестегі сыбайлас жемқорлық денгейі

2019 жылы 11 маусымда "Ақжайық - Адалдық Алаңы " жобалық кеңсесінде жобалық кеңсе аясында Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы мүдделі мемлекеттік органдар (БҚО жер қатынастары басқармасы, БҚО құрылыс басқармасы, БҚО денсаулық сақтау басқармасы, БҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы, ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы, БҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті БҚО МКД, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаменті, Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімі) басшыларының қатысумен талқыланды.

Кездесу барысында жобалық кеңсе басшысымен кәсіпкерлік саласында жүргізілген сауалнама қорытындысы және «Іскерлік климат – 2018» жобасы аясында жүргізілген әлеуметтік сұраулардың қорытындысы талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға және мекемелерге ұсыныстар берілді.

1
0
259

Осы тақырып бойынша

Бизнестегі сыбайлас жемқорлық денгейі - Yvision.kz