Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бизнеспен ашық диалог («PBI – Protecting Business and Investments» жобасы аясында)

2020 жылғы 4 қыркүйекте БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасы аясында облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевтің, уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің (сәулет, қала құрылысы, құрылыс, кәсіпкерлікті дамыту, Мемлекеттік кірістер мен көші-қон және т.б. салаларда), «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалы мен ірі және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы өткізілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет кеңеске қатысушыларға карантин кезеңінде бизнес субъектілерінің әуре-сарсаңға салуына және әкімшілік баръерлерге байланысты облыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру проблемаларын және т. б. атап өтті.

Спикер мемлекеттік құрылымдардың құзыреттілігі мен ашықтығы қолайлы инвестициялық ахуал құруға және сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу саласында жалпы құны 851 млрд.теңге болатын 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

«Квант» ЖШС өкілі Мемлекеттік кірістер, көлік инспекциясы және т.б. салаларға қатысты проблемалық мәселелерді талқылауды ұсынды.

Сонымен қатар, «Самал» ауданында тұқы балықтарын өсіру бойынша ПСП «Серік» жобасын іске асырудың проблемалық мәселесі талқыланды. Инвестордың дәлелдеріне сәйкес бұл жер аумақтары жеке меншік иелігінде болғандықтан жобаны іске асыру процесін қиындатады.

Өз кезегінде М.Н.Манкеев аталған жобаны келісу үшін айтарлықтай әкімшілік ресурстар жұмсалғанын, соның арқасында жобаның бір бөлігін іске асыру қарқынды жүріп жатқандығын, алайда учаскелердің меншік иелерімен мәселесі әлі де өзекті болып қалатынын атап өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде онлайн кеңес беру бойынша ұсыныстар берілді.

Кездесуге қатысушылар аталған іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтіп, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шараларға қатысты өз пікірлерін білдірді.

1
0
200

Осы тақырып бойынша

Бизнеспен ашық диалог («PBI – Protecting Business and Investments» жобасы аясында) - Yvision.kz