Бизнеске үлкен басымдық беріледі
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Бақыт Стамкулов, Роза Аяпбергенова, Гүлжан Қадырова, Дархан Серікбаев, Ерлан Рүстемов, Азиз Азимов Қарашық ауылының тұрғындарына сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Экспромт кездесулер дүкендер мен сауда орындарында және шаруа қожалықтарда өтті.
«Nur Otan» партиясы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын 20 жаңа жобаны ұсынуға, ірі кәсіпорындардың сервистік қызметпен қамтитын шағын кәсіпкерлікті дамытуға, 2025 жылға дейін жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлер санын 8,5 мыңнан 8,8 мыңға жеткізіп, ондағы жұмыскердің санын 13,9 мыңға жеткізуге, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 30-дан аса азаматты өз кәсібін ашу үшін оқытуға, жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен бизнесін жаңадан бастаушы 10 азаматқа грант ұсынуға ықпал етеді.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 20-ға жуық азаматтарға стартап гранттар мен несие алуына жағдай жасауға жұмыс істейді.
