«Бизнес тірегі» жобасын іске асыру барысы туралы
http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/biznes-tiregi-zhobasyn-iske-asyru-barysy-turaly
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысын тұрақты негізде жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 8 айында кәсіпкерлерден «Бизнес тірегі» порталына мемлекеттік бақылаушы органдардың тарапынан болған бұзушылықтар туралы 358 ақпараттық хабарлама келіп түскен.
