Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бизнес пен билік сенімі

2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Н. А. Шабдар "Protecting Business and Investments" (PBI) жобасы шеңберінде "Квант" ЖШС жиһаз фабрикасын салу жөніндегі жобаға жұмыс сапарымен барды.

PBI жобалау кеңсесі мен "Квант" ЖШС арасында құны 1,5 млрд.теңгеден асатын жиһаз фабрикасын салу бойынша инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге, сондай-ақ Желаев кенттік округінде құны 1 млрд. теңгеден асатын мұнай өнімдерін сақтау базасының құрылысы бойынша жобаға қол қойылды.

Кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Н. Шабдар бизнеске әкімшілік қысым жасау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет белсенді түрде күресуде проблема болып табылатынын атап өтті.

"Квант" ЖШС компаниясының тобы жиһаздың ірі өндірушісі және өңірде отын сату бойынша жеткізуші болып табылады.

Жобалық кеңсенің кейсінде көптеген шешілген мәселелер бар. Мысалы, өткен жылы "Квант" ЖШС жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама алуға, биыл жиһаз фабрикасын салу және қызмет көрсету үшін жер учаскесін кеңейтуге көмек көрсетті.

"PBI" жобасы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді. Жобаның негізгі бағыттары-құқықтық қорғау, бизнес-үдерістерді оңтайландыру,реттеушілік ықпал, қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық.

Бағдарламаға қатысу үшін жалғыз шарт инвестициялық жобадағы сыбайлас жемқорлықтан жүз пайыздық бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік болып табылады.

Бүгінгі таңда облыс бойынша инвесторлармен жалпы сомасы 847 млрд теңгеден асатын 16 келісімге қол қойылды.

1
0
201

Осы тақырып бойынша

Бизнес пен билік сенімі - Yvision.kz