Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бизнес – үлкен құмарлықпен аз ғана ережеден тұратын, өте қызық ойын.

Forbes-тың әлемдік 30under30 миллиардерлер қатарына кіру оңай емес.Бұған 2020 жылға арналған рейтинг статистикасы дәлел.Биыл оның екі жаңа жас миллиардері бар, екеуі де мұрагерлер.Он қатысушының тек үшеуі ғана, бизнесті құрып, қомақты қаржыны өз иеншілеріне өз күштерімен иеленген. Олар - төлем қызметі Stripe сервисінің негізін қалаушы Джон Коллисон, бір кездері Facebook-ті сатып ала алмаған Snapchat қосымшасын жасаушы Эван Дер Шпигель және Forbes ғаламдық миллиардерлер рейтингінің алғашқы ең жас мүшесі, 22 жастағы Кайли Дженнер. 30 жасқа дейінгі бұл екі миллиардердің байлық иеншіліктері өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды, тек Джон Коллисон өзінің қаржы бөлігін екі есеге арттырды.  Қалғандары шығынға ұшырауда: коронавирус әлемдік экономикаға және жас бизнеске ауыр соққы тигізді.

1. Джон Коллисон, 29 жас

Қаржы: $ 3,2 млрд

Forbes рейтингі: 616

Қаржы көзі: Stripe

Ел: Ирландия

Stripe төлем жүйесі компаниясының негізін қалаушы және президенті Джон Коллисон- бір жыл ішінде қаражаты 52,4%  өскен 30 жасқа дейінгі жалғыз миллиардер. Spripe компаниясының негізін 2010 жылы Джон мен оның ағасы Патрик қалаған (ол 30 жастан асқан).

Коллисонндар бағдарламалауға балалық шақ кездерінен қызығушылық танытқан, тіпті өз шеберліктерін шыңдау үшін түрлі жарыстар ұйымдастырып отырған. 2018 жылдың қыркүйегінде Stripe жалпы құны 20,25 миллиард долларды құрайтын 245 миллион долларлық қаржыландыру туралы жариялады.  Компанияның штаб-пәтері Сан-Францискода орналасқан.

Осы орайда қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембай-дың қазақтың жас бизнесмендеріне берген «Кәсіпкерге сай емес 5 әрекет» кеңесімен бөлісеміз:

1. Кәсіпкер қателік жасаудан қорықпауы керек.

2. Кәсіпкер талпыныс жасауын тоқтатпауы керек.

3. Кәсіпкер ешқашан ортасымен қарым қатынасын үзіп, тұйықталмауы тиіс

4. Кәсіпкер ешқашан «пессимист» болмауы қажет.

5. Кәсіпкер тек өз қамын ойламауы тиіс.

0
0
211

Осы тақырып бойынша

Бизнес – үлкен құмарлықпен аз ғана ережеден тұратын, өте қызық ойын. - Yvision.kz