Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Бизнес бастау 2020-мақсаты айқын"

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Мәдениет ауылдық оуругі» БПҰ ұйымдастыруымен «Бизнес бастау 2020-мақсаты айқын» - тақырыбында ауылдағы кәсіпкерлер, жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Аталмыш шараны БПҰ төрағасы Б.Абдреева жүргізіп отырды. Ұйымдастырылған кездесуге Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ерхан Бақбергенұлы қатысып жастарға кәсіп тұрғысында ойлар қозғалды. Жас кәсіпкер Орынбай Бақыт өзінің кәсіп түріне келу тарихын баяндап берді. Сөз соңында Е.Бақбергенұлы «Бүгінгі жастар түрлі бағытта білім алулары тиіс. Заман талабы солай. Бір саламен шектелмегені жөн. «Талаптыға нұр жауар» демекші, жеке кәсіпті ашып оны жүргізудің жолдарымен танысуға ниеттенген жастардың әрекеттеріне қуанышын жеткізді.

0
0
156

Осы тақырып бойынша

"Бизнес бастау 2020-мақсаты айқын" - Yvision.kz