Біздің ортада жемқорлыққа орын жоқ
«Біздің ортада жемқорлыққа орын жоқ!» Осындай ұранмен 2017 жылдың 12 мамырда Орал қаласында Құрманғази атындағы саз колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған кешенді шара өткізілді.
Аталған шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі Б.М.Хайруллин, жастар ұйымдарының өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Кешенді шара шеңберінде колледж студенттері театрландырылған көрініс көрсетіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы фолэшмоб пен акция ұйымдастырды.
