Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Саин Асанұлы Ажғалиев

«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Саин Асанұлы Ажғалиев.

1963 жылы 23 қаңтарда Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Шыңғырлау ауданы, Қызылкөл совхозында тракторшы болып жұмыс жасаудан бастады. Белогор совхозының Мәденит үйінде музыка жетекшісі қызметінде жасап, 1994 жылдан 1995 жылға дейін аудандық Мәдениет үйінде көркемдік жетекші, 1995-1996 жылдары аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, 1996-1999 жыл аудандық Мәдениет үйінің директоры лауазымына тағайындалды. 1999 жылдан 2007 жылға дейін аудандық «Мәдени демалыс орталығы» МҚКМ директоры болып қызметін атқарды. 2007-2008 жыл Шыңғырлау ауылындағы орталық саябақтың директоры, 2008 жыл аудандық «Мәдени-демалыс орталығының» директоры қыметін атқарады.

Қоғам өміріне белсене араласып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген көшбасшылардың бірі. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Осы тақырып бойынша