ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Мадияр Жеңісұлы Байжанов

«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Мадияр Жеңісұлы Байжанов.

1973 жылы 13 мамырда Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Шилі орта мектебін бітірді. 1996 жылы «Гидромелиорация» мамандығы бойынша Жамбыл гидромелиорация құрылыс иститутын аяқтады.

Еңбек жолын 1997 жылы Батыс-Қазақстан облыстық «Водоканал» басқармасында инженер-гидротехник болып бастады. Кейін Ақсай қаласында «Горкомхоз» МКК өндіріс жөніндегі директордың орынбасары, Бөрлі ауданының «Ақсайжылуқуат» МКК бас инженер қызметтерін атқарды.

2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірді.

2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құрылыс» мамандығы бойынша аяқтады.

2009 жылдан «Альсеит сервис» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі таңда «Каз Транс Строй kz» ЖШС басшысы. Отбасылы.Отбасында жолдасы Дилбара Байжановамен 4 бала тәрбиелеп отыр.

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында көп балалы, аз қамтылған отбасылары мен қазыналы қарттарымызды, мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі қолдау көрсетіп келеді.Пандемия кезінде аудандық ауруханаға тыныс алу аппаратын өз қаражатына алып берді.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.