«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Камзаева Ақмарал Сиражқызы
«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Камзаева Ақмарал Сиражқызы.
1980 жылы 29 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Березовка ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Орал қаласындағы Евразия университетінің филиалын есепші мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі таңда «Камзаева» жеке кәсіпкерлігінің басшысы болып келеді.
Ақмарал Сиражқызы ауданымызда шағын және орта бизнестің дамуына және қайырымдылық іс-шараларына да үн қосып келеді. Ауданымызда көп балалы, аз қамтылған отбасылары мен қазыналы қарттарымызды, мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі қолдау көрсетіп келеді.Пандемия кезінде аудандық ауруханаға тыныс алу аппаратын аудан кәсіпкерлерімен бірге алып берді. Осындай игі істерге атсалыса жүріп, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың атынан алғыс хатпен марапатталды.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
