Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Біздің үміткер» айдарының кейіпкері Байтенова Светлана Ешматқызы

«Біздің үміткер» айдарының кейіпкері Байтенова Светлана Ешматқызы.

1963 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Светлана Ешматқызы – көпбалалы отбасындағы тұңғыш перзенті. Ата-анасы сегіз бала тәрбиелеп өсірген.

Ал бүгінде өзінің отбасында 1ұлы,1 қызы. Ұлы отбасылы, немересі бар.

Білімі жоғары, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтын аяқтап, өзінің еңбек жолын Қаратөбе ауданының Жігерлен мектебінің тарих пәнінің мұғалімінен бастаған.

1988-1990 жылдары аралығында Қаратөбе ауданының Егіндікөл совхозының комсомол комитетінің хатшысы.

1990-2005 жылдары Алмаз орта мектебінің тәлімгері, кейін тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие жұмысының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2005-2006 жылдары Шыңғырлау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

2006-2012 жылдары Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

2012-2014 жылдары аралығында Полтава селолық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарды.

Пандемия кезінде ауданымыздың аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына азық-түлік пен шаруашылық заттарын жеткізуді ұйымдастыру бағытында жұмыстанды.

Еңбек жолында халықпен жұмыс жасап, «Nur Otan» партиясының бағдарламаларын,жобаларын кеңінен насихаттап келеді.

Бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

0
0
123

Осы тақырып бойынша

«Біздің үміткер» айдарының кейіпкері Байтенова Светлана Ешматқызы - Yvision.kz