«Біздің үміткер» айдарында – Жолдасқалиев Нұрғали Қаршығаұлы
«Біздің үміткер» айдарында – Жолдасқалиев Нұрғали Қаршығаұлы
Ол 1995 жылы 31 шілдеде Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылында дүниеге келген. 2018 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялар университетін «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінен «Құқық» магистрі ғылыми дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2011 «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалының волонтері болып бастап, 2012 жылы филиал менеджері қызметіне ауысқан. 2013 жылы «БҚО Студенттер Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігін басқарса, 2014 жылы облыстық студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары штабының менеджері қызметін атқарған.
2015 жылы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының төрағасы қызметіне тағайындалды. Филиал жетекшісі ретінде өңірдегі жастар саясаты саласына көп еңбек сіңірді. Көптеген жастар форумдарын, лагерьлерді, облыстық іс-шараларды жүзеге асыруға тікелей атсалысты. Бұдан бөлек те көптеген іс-шаралардың басы-қасында жүріп,
жастардың тұлғалық қасиеттерінің дамуына себепші болды. Сонымен қатар облыста «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубын ашуға ықпал етті.
2015 жылдан бастап республикалық «Жастар – Отанға!» жастар саяси лагеріне облыс жастарының қатысуына еңбектенді. 2016 жылы Қытай халық республикасында болып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Нұрғали Қаршығаұлы жетекшілік ететін «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы жастар бойына қазақстандық патриотизмді қалыптастыру негізінде біртұтас қоғам құруға атсалысатын саналы ұрпақ тәрбиелеуге ауқымды үлес қосып келеді. Өткен жылы Сырым ауданы Жымпиты ауылында Н.Жолдасқалиев бастаған жастардың ұйымдастыруымен облыс жастарының «Алаш – еркіндік айнасы» жастар форумы өткізілді.
Н.Жолдасқалиев үш мәрте Елбасының, сондай-ақ Мемлекет басшысының және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. 2016 жылы «Жыл үздігі» жастар сыйлығында«Үздік көшбасшы» номинациясын жеңіп алған. 2019 жылы «Nur Otan» партиясының ең жоғарғы наградасы «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісіне ие болған.
Биыл «Халық алғысы» медалін мен «Құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасын кеудесіне тақты.
Үйленген, бір ұлы бар.
В рубрике «Наш кандидат» - Жолдаскалиев Нургали Каршигаевич.
Нургали Каршигаевич родился 31 июля 1995 года в селе Алмаз Шынгырлауского района. В 2018 году окончил Западно-Казахстанский инженерно-технологический университет по специальности «Нефть и газ». В 2020 году получил степень магистра права Казахстанского университета инноваций и телекоммуникационных систем.
Трудовую деятельность начал в 2011 году волонтером отделения ЗКО молодежного крыла «Жас Отан», в 2012 году стал руководителем филиала. Затем он возглавил молодежное общественное объединение «Студенческий альянс ЗКО», а позже региональный штаб студенческих строительных и молодежных трудовых отрядов. В 2015 году Нургали Каршигаевич был назначен председателем ЗКОФ молодежного крыла «Jas Otan» партии «Nur Otan». Как руководитель филиала он много сделал в области молодежной политики в регионе. Принимал непосредственное участие в проведении многих форумов, лагерей, региональных мероприятий. Кроме того способствовал развитию личностных качеств молодежи. Также с его помощью в ЗКО открылся военно-патриотический клуб «Жас сарбаз», с 2015 года проводится республиканская акция «Жастар – Отанға!». В 2016 году он посетил Китайскую Народную Республику и обменялся опытом с зарубежными коллегами.
Филиал ЗКО «Jas Otan», возглавляемый Нургали Каршигаевичем, вносит значительный вклад в воспитание сознательного поколения молодежи, которая внесет свой вклад в создание единого общества, основанного на формировании казахстанского патриотизма. В прошлом году в селе Жымпиты Сырымского района во главе с Н. Жолдаскалиевым прошел молодежный форум «Алаш – еркіндік айнасы».
За свой упорный труд и работу он награжден благодарственными письмами от Елбасы, а также от Главы Государства, акима области, медалью «Халық Алғысы» и государственной наградой «Құрмет грамотасы». В 2016 году стал победителем в номинации «Лучший руководитель» премии «Жыл үздігі». Также ему был вручен значок «За активную службу» от партии «Nur Otan». Женат, имеет сына.
