«Біздің үміткер» айдарында – Юркевич Владимир Викторович
«Біздің үміткер» айдарында – Юркевич Владимир Викторович
Ол 1986 жылы Орал қаласында дүниеге келген. «Nur Otan» партиясының мүшесі. 2008 жылы «Еуразия» Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтын бітіріп, «экономист» мамандығын алып шыққан. 2006 жылы студент кезінен еңбекке араласып, «Батыс Дилижанс» ЖШС-да есепшінің көмекшісі болып жұмыс жасаған. 2007 жылдан бастап «ТБМ-Қазақстан» ЖШС филиалында кеңсе менеджері, «Батыс Дилижанс» ЖШС-да механик болып жұмыс жасады. Ал 2011 жылдың желтоқсанынан күні бүгінге дейін соңғы мекемені басқарып келеді. Әрине, басшылық қызметке жастайынан, аз тәжірибемен келді. Алғашқы басшы дүниеден өткеннен кейін тізгінді өз қолына алған Владимир Викторович аз уақытта еңбек ұжымының құрметіне бөленіп, қала басшылығына да тез танылды. Бүгінде оның иелігіндегі мекеме қаладағы жолаушы тасымалы саласындағы үздіктердің қатарында.
Ол өз жұмысын жоспарлы түрде ұйымдастыра біледі, басшылық шешімдерді ұтымды қабылдайды, істің барысын тұрақты түрде қадағалап отырады. Әсіресе, жұмысқа білікті қызметкерлерді тартуға көңіл бөледі. Автокөлік саласын дамытуға жасаған еңбегінің нәтижесінде ҚР көлік және коммуникация министрлігінің Құрмет грамотасымен, қала әкімінің, БҚО полиция департаменті басшысының алғыс хаттарымен, «ҚР ІІМ Ардагерлік ұйымына – 45 жыл» медальімен марапатталған.
Отбасылы, бір ұлы бар.
