Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Біздің үміткер» айдарында – Қожақов Біржан Морякұлы

«Біздің үміткер» айдарында – Қожақов Біржан Морякұлы

Ол тағдыр сынына ұшыраса да, ешкімге ауыр салмақ салмай, діттеген арман-мақсатына жетуге күш-жігерін жұмсап келеді.

Біржан Морякұлы 1971 жылы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылында дүниеге келген. Үйінің тұңғыш перзенті, өзінен кейінгі іні-қарындастарына ақылшы болған ол орта мектепті тәмамдағаннан кейін әскер қатарында болған. Кейін ауылда Мәдениет үйінде суретші болып жұмыс жасаған. 1992-2002 жылдары Жол полициясы саласында қызмет атқарған. Алайда, 2002 жылдың қыс айында жұмыс барысында қос аяғынан айырылып, мүгедектер арбасына таңылады. 32 жасында І топтағы мүгедек атанған атпал азамат өмірге құштарлығын жоғалтпай, жеке ісін ашуға бел буады. 2003 жылы жиһаз жасайтын шағын шеберхана ашып, кейіннен кәсібі өрістей бастайды. 2010 жылы кәсібін кеңейтіп, 25 адамды жұмыспен қамтып, жеке кәсіпкерлігін «Ғибадат» ЖШС деп заңдастырады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға басымдық бере бастайды. Ал 2015 жылы мүгедектердің «Демеу» қоғам бірлестігін құрады.

Бүгінгі таңда жиһаздың түр-түрін жасап шығаратын «Ғибадат» ЖШС-да жұмыс жасайтын 35 адамның 21-і – мүгедек. Оған қоса сал ауруына шалдыққан балаларға қажетті арнайы аппараттың 34 түрін ойластырып жасап, қолынан келген көмегін аямады.

Қоғамның қажетіне жарап, өз ісін ел игілігіне арнаған азамат Елбасының алғыс хатын, «Шапағат» медалін, «Жомарт жүрек» және «Алтын жүрек» сыйлықтарын және басқа да марапаттарды иеленді.

Әкесі дүниеден ерте өткен, ал ақылшы анасы жанында. Өзі де отбасылы, бес баланың әкесі, жиендерінің сүйікті атасы.

Герой рубрики "Наш кандидат" - Кожаков Биржан Морякович

Биржан Морякович родился в селе Кабыршакты Акжайыкского района Западно-Казахстанской области 4 мая 1971 года. Окончил Битикскую средней школу в 1988 году. Год проработав маляром в сельском доме культуры, уехал в Уральск. Здесь проработав в ГАИ, зимой 2002 года в результате несчастного случая потерял обе ноги. Но он не стал отчаиваться и в 2003 году открыл своё дело ИП «Кожаков Б.», которая занимается изготовлением мебели. В начале под его руководством работали 3-4 человека, но по мере развития своего бизнеса уже к 2010 году у него трудилось 25 человек. В 2015 году Биржан Морякович открыл общество под названием Общественное объединение инвалидов «Демеу» и нанял людей с ограниченными возможностями. В настоящее время под их чутким руководством работают 35 человек. У них имеется магазин, где есть оборудование соответствующее современным требованиям. Они производият всевозможную мебель, выполняют заказы от государства, школ и детских садов, больниц и администраций, а также сундуки и детские кроватки в национальном стиле. Ими разработано устройство - вертикализатор, которого кроме как у них, больше в Казахстане нет. Биржан Морякович за свой упорный труд награжден различными государственными наградами. Такими, как медали "Шапағат", "25-летия Независимости Республики Казахстан", также он является номинантом премии "Жұмарт жүрек", республиканский лауреат премии "Алтын Журек" и другие награды. Вместе со своей женой он воспитывает четверых детей.

0
0
287

Осы тақырып бойынша

«Біздің үміткер» айдарында – Қожақов Біржан Морякұлы - Yvision.kz