Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Біздің үміткер» айдарында – Ахметов Рустам Рашитұлы

«Біздің үміткер» айдарында – Ахметов Рустам Рашитұлы

Ол 1987 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Елордалық мектептен білім алып, Алматы қаласында «Органикалық заттардың химиялық технологиялары» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Кейін Орал қаласында жұмыс жасап, одан әрі Англия елінде магистратурада оқиды. Осылайша өз елімізде және шетелде білім алған жас қазіргі Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстандық индустрияны дамыту институтында химиялық өнеркәсіп саласында біраз уақыт жұмыс жасайды. Ал 2015 жылдан бастап өзін нақты секторда сынап көру бағытында «Нұржанар» зауытына жұмысқа тұрады.

Рустам Рашитұлы аталмыш өндіріс орнының жұмысын ілгерілетуге, өндірістік жүйе мен бизнес үдерісін құруға, сату бөлімін аяққа тұрғызуға, жұмыс көрсеткішін жақсартуға өз үлесін қосқан.

Зауыттағы оң нәтижелер туралы айтары мол азамат енді халыққа қызмет етіп, өз тәжірибесімен бөлісуді көздеп отыр.

Рустам Ахметов отбасылы, үш перзенттің әкесі. Спортқа жақын, жүзумен айналысады, теннис ойнайды. Сонымен бірге кітап оқып, білімін кеңейткенді жақсы көреді. Адамдармен ортақ тіл табысуға жаны құмар, оған қоса саяхаттағанды ұнатады.

В рубрике «Наш кандидат» - Ахметов Рустам Рашитович.

Рустам Рашитович родился в 1980 году в Уральске. Он окончил столичную школу и Алматинский институт по специальности «Химическая технология органических веществ». Позже начал работать в Уральске и одновременно учился в магистратуре в Англии. Некоторое время трудился в химической отрасли в Казахстанском институте промышленного развития в Нур-Султане. А с 2015 года Рустам Ахметов начал работать на заводе «Нуржанар», чтобы проверить себя в реальном секторе.

Рустам Рашитович внес свой вклад в продвижение завода, создание производственных систем и бизнес-процессов, создание отдела продаж, повышение производительности. В настоящее время он является генеральным АО "Нуржанар". И сегодня он намерен служить народу и делиться своим опытом. Женат, имеет троих детей. Увлекается спортом, плаванием и игрой в теннис. Любит читать книги и расширять свои знания, а также путешествовать.

0
0
290

Осы тақырып бойынша

«Біздің үміткер» айдарында – Ахметов Рустам Рашитұлы - Yvision.kz