Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

《Біздің күшіміз бірлікте》тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

23 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің қатысуымен аудандық кітапхана және Сағит Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығының қызметкерлерімен бірге «Біздің күшіміз бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде партияның жеткен жетістіктері мен болашаққа жоспарлары баяндалып еліміздегі саяси науқанның басты артықшылықтары да баяндалып, партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Сонымен қатар атаулы мекеме қызметкерлері де еліміздегі зейнет жасы мен ауданымыздың мәдениеті, кітапханалардың жұмысы мен білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді қозғай отырып ұсыныстарын білдірді. Ерболат Мұратқалиұлы айтылған ұсыныстардың назарға алынатындығын жеткізді. «Nur Otan» партиясы Казталов аудындық филиалы

0
0
157

Осы тақырып бойынша

《Біздің күшіміз бірлікте》тақырыбында дөңгелек үстел өтті. - Yvision.kz