ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Біздің деутаттар» - айдарының кейіпкері аудандық мәслихат депутаты Кушев Орынбасар Сағынбасұлы

«Біздің деутаттар» - айдарының бүгінгі кейіпкері аудандық мәслихат депутаты Кушев Орынбасар Сағынбасұлы 20 наурыз 1971 жылы Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

«Nur Otan» партиясының мүшесі. Зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күні О.Кушев Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округіне қарасты Жіңішке елдімекенінде төрт түлік мал шаруашылығын дамытып отырған «Қадиша» шаруа қожалығының басшысы. Осы күнге дейін О.Кушевтың халық игілігі үшін атқарған қызметі айтарлықтай.

Мысал ретінде, аталған азаматтың демеушілігімен Шыңғырлау ауылында тұратын Тыл ардагерінің үйіне 350000 мың теңгеге көгілдір отыр жүргізді, жыл сайын ауданда өтетін республикалық, облыстық спорттық шаралардың өтуіне дәстүрлі түрде демеушілк жасап, халықаралық, республикалық жарыстырға қатысушыларға көмек қолын тигізіп отырады.Nur Otan партиясының «Біз біргеміз!» ақциясы аясында 2020 жылы Ащысай ауылдық округінің 10 жанұясына 200000 теңге көлемінде көмек көрсетті.

Сонымен қатар, О.Кушев Ащысай ауылдық округі тұрғындарына мал азығын дайындауда да көмектесіп ,жақсылығы халықтың көңілінен шығып отыр. Оның үстіне О.Кушевтың Жіңішке елдімекеніне жеміс ағаштарынан салған бағы болашақта елдің игілігіне арналады.

О.Кушев өз жерінің шынайы жанашыры ретінде танылып келген тұлға. 2021 жылы өткен сайлауда оның Шыңғырлау аудандық мәслихатының депутаты мандатына иеленгені іскер тұлғаның ауданның экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан дамуына зор серпіліс әкелетініне сенеміз. #Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz