ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Біздің депутатттар» айдары Жақсығалиев Жаңабек

Қайырлы кеш, құрметті достар!

Сіздерді облысымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутатттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық мәслихат депутаты Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы.

1975 жылы 5 наурызда БҚО, Қаратөбе ауданы Саралжын (Мұхит) ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Орал педагогикалық институтын үздік дипломмен тәмамдаған. 1995-1999 жж. ОПИ жанындағы педагогикалық лицейде тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен.

Республикалық "Жыл мұғалімі-99" байқауының Гран-при жүлдегері. ҚР білім беру ісінің үздігі (1999). "Мұғалім-зерттеуші" номинациясының иегері (Астана қаласы, 1999).

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Алғыс хаты (2015, 2021) мен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хаттарының (2019) иегері. Қазақ хандығына 550 жыл мерекелік (2015) және ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгілерінің (2017), Ерен еңбегі үшін медалінің (2018) иегері.

Бүгінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті, 100-ден астам ғылыми, ғылыми-əдістемелік, тарихи-танымдық мақалалары мен ондаған оқу-əдістемелік құралдары жарық көрген. Соның ішінде "Қазақстан тарихы (оқу-əдістемелік құрал)", "Батыс Қазақстан облысының тарихы (мектеп оқушыларына арналған)" жəне ҚР Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен "Өлкетану" оқулығы (соңғылары бірлескен авторлық ұжыммен жазылған) бар.

Облысымыздың қоғамдық-саяси, мəдени-рухани өмірінде ерекше белсенді: Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі жəне тұрғындардың əлеуметтік мəселелері жəне əлеуметтік жобалар бойынша комиссиясының төрағасы, "Nur Otan" партиясы БҚО филиалы жанындағы мəдениет пен өнерді дамыту мəселелері жөніндегі "Мирас" аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшесі, БҚО ономастикалық комиссиясының мүшесі, БҚО тарихи-мəдени мұраларын, тарих жəне мəдениет ескерткіштерін қорғау жəне мемориалдық тақталарды орнату мəселелері жөніндегі комиссияның мүшесі, БҚО "Рухани жаңғыру" сарапшылар комиссиясының мүшесі, Орал қаласы əкімі жанындағы ономастикалық нысандардың тарихи жəне дəстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу жəне пысықтау жөніндегі қалалық жұмыс тобының мүшесі. ⤵️⤵️⤵️

@nur_otan @baibekbk @zhanabekzhaksygaliev