«Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз.
«Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз. Ерментаева Әсел Сатқанқызы, 1984 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген. Туған жері – Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Жайық ауылы. 1991 жылы мектеп табалдырығын аттаған. 1994-2001 жылдары аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп-гимназияда оқып, үздік аттестатпен бітірген. 2001-2005 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да білім алып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын үздік дипломмен тәмамдады. 2005-2008 жылдары аудандық балалар шығармашылығы орталығында қосымша білім беру педагогі, әдістеме бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2008-2010 жылдар аралығында аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман болып, мемлекеттік қызметте жұмыс жасады. 2010 жылдың қараша айынан бастап Абай атындағы мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 2015 жылдың қаңтарынан Абай атындағы мектеп-гимназияда директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары. Тұрмыс құрған. Чапаев ауылында тұрады. Білім саласындағы жетістіктері үшін аудандық білім бөлімінің, аудан, облыс әкімінің Алғысымен, облыстық білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2015 жылы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатын, 2020 жылы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасын иеленді. Ақжайық аудандық мәслихат депутаты. Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі комиссия төрағасы.
#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021 #Akzhayikdeputіes2021
