Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыру

Сіздерді «Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз. Есболатов Нұрлан Мұханбетұлы, 1975 жылы 26 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1992 жылы Орал қаласы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтына түсіп, 1996 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін математика, информатика және есептеуіш техника негіздері пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолы, ұстаздық қызметі 1996 жылы Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясынан басталды. 2001 жылдан бастап О. Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте информатика пәнінің мұғалімі қызметінде жұмыс жасаған. 2008-2009 оқу жылынан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылған. 2014 жылдан Көнеккеткен ауылдық округі бойынша «NurOtan» бастауыш партиясының төрағасы қызметіде. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап мектеп директоры қызметінде жұмыс атқарып келеді.

Бір қатар жетістіктеріне тоқталсақ, 2017-2018 жылдары, Аудан әкімінің және аудандық білім бөлімі басшысының Алғыс хаттары, Облыстық мектеп директорларының «Табысты мектеп менеджері-2019» байқауының ІІІ орын иегері, 2019 жылы Облыс әкімі А.Көлгіновтың Алғыс хаты және 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаттары мен марапатталған. Ақжайық аудандық мәслихат депутаты.

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021 #Akzhayikdeputіes2021

0
0
152

Осы тақырып бойынша

«Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыру - Yvision.kz