ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Біздің депутаттар» айдары

Қайырлы күн, құрметті достар!

Сіздерді облысымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутаттар» айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – Ақжайық ауылдық аурухана меңгерушісі, облыстық мәслихат депутаты Сүндетова Сабира Өмірғалиқызы. 25.02.1987 ж. БҚО, Ақжайық ауданы, Алмалы ауылында дүниеге келді. 2004 жылы Алмалы ЖОББМ үздік бітіріп, білім грантымен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің педиатрия факультетіне оқуға түсті. 2011 жылы Тайпақ ауылдық ауруханасына участкелік педиатр, қосымша неонатолог болып жұмыс жасады. 2016 ж қыркүйек айынан бастап Ақжайық ауылдық аурухана меңгерушісі қызметін атқаруда.

Сәбира Сүндетова бүгінде еліміздің және облысымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мəдени өмірінде ерекше белсенді. Бүгінде облыс тұрғындары партияға өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, міндетті түрде қолдау көрсетілетініне нық сеніммен келеді, ал аппарат қызметкерлері де, партиямыздың депутаттары да халықтың сенімін ақтап, олардың мәселелерін шешуге барынша ықпал етуде.

Сәбира Сүндетова - облыстық мәслихаттың Әлеуметтік – мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі болғандықтан, осы сұрақтарға қатысты мәселелерге жетекшілік етеді.

Барлық облысымыздың партия филиалдарының қызметкерлерінің атынан Сәбира Өмірғалиқызын бүгінгі келіп жеткен туған күнімен құттықтаймыз және оған жаңа жетістіктер тілейміз.

Еңбегіңіз әрқашан лайықты бағалансын!

@nur_otan @baibekbk @sabira_pediatr

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021