Сіздерді Ақжайық ауданданымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз. Сиражев Сәлімгерей Қалимеденұлы 1960 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1977-1982 жж. Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының зооинженерлік факультеті «зоотехник» мамандығы бойынша оқыды. 2000-2002 жж. Орал қаласындағы еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы құқықтану факультетінде «Заңгер» мамандығы бойынша оқып шықты.
Еңбек жолын 1982 жылы Орал облысы Чапаев ауданы Куйбышев атындағы совхозда зоотехник қызметінен бастады. 1988 жылы Чапаев ауданының Родник-Новый колхозында бас зоотехник қызметінде жалғастырды.
1996-1998 ж.ж Ақжайық ауданының Кожехар ауылындағы (бұрынғы Родник-Новый) «Родник-Новый» өндірістік кооперативін басқарды.
1988-2000 ж.ж. жеке кәсіппен айналысты.
2000-2004ж.ж. Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылындағы (бұрынғы Кожехар) «Шапағат» ЖШС директоры қызметін атқарды.
2004-2012 ж.ж. «Дархан» шаруа қожалығын басқарды. Сонымен қатар Ақжайық аудандық мәслихатының ІІІ,ІҮ,VI және VII шақырылымдарының депутат болып сайланды.
2012-2016 ж.ж. Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқардым.
2016 жылдың наурыз айында Ақжайық аудандық мәслихатының депутаты болып сайланып, Ақжайық аудандық мәслихат хатшысы лауазымын атқарып келеді.
Аудан бойынша көптеген қайырымдылық ақциялар мен шаралардың бел орталарынан табыла біледі. Атап айтсақ «Дархан» ШҚ-ның жетекшісі кезінде 2010-2011 жылдары Жаңабұлақ ауылдық округінің тұрғындарына өз қаражаты есебінен көгілдір отынның қосылуына септігін тигізді және «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына су өткізген болатын.
Сонымен қатар 2019 жылы Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығы мен «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына арналған ұлттық ат спорты түрлерінен «Ұлы дала ойындары» аудандық турниріне демеушілік көрсетті.
Ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуілсіздігіне 25 жыл», мерекелік медальдарымен марапатталды, Қазақстан Республикасы Президенті, Батыс Қазақстан облыс әкімі, Ақжайық ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ 2021 жылы «Nur Otan» партиясының белсендісі ретінде, партияның сайлауалды бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттау барысында атқарған жүйелі жұмыстары үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Алғыс хатымен марапатталды. Аудан халқының өзекті мәселелерін шешуге, ауыл тұрғындарының тарапынан көтерілген мәселелерді аяқсыз қалдырмай, оларды шешу мақсатында адал қызмет атқарып келеді.
#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021 #Akzhayikdeputіes2021