ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Біздің басты міндетіміз – әрбір қазақстандықтың өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау

Отырысқа партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов пен тиісті мекеме басшылары қатысты.

Бақылау комиссиясының отырысын партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Нұрқасым Үкібаев өзі ашып, жүргізіп отырды. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру масатында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік нысандарда өз бетінше жүріп тұруына қолайлы жағдайлар жасау бойынша аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың барысы туралы болды. Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі басшысының орынбасары А.Шынтасованың мәселе төңірегінде атқарылып отырған жұмыстар бойынша есебі тыңдалды.

Жиын барысында аудандық партия филиалы жанындағы бақылау комиссиясының мүшелері аталған есеп бойынша жан-жақты талқылау жүргізіп, зерделеу барысында анықталған мәселелерге тоқталып, кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар негізінде тиісті қаулылар қабылданды.