ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Біздің атақты спортшылар!

Біздің атақты спортшылар!

Райымкулов Болатбек Бауыржанұлы 1993 жылы қазан айының 12-шi жұлдызында Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылында дүниеге келді. 2000 жылы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылына отбасымызбен бірге көшіп келіп сол жылы, Тайпақ ауылдық Краснояр орта мектебіне 1ші сыныпқа қабылданып , 2007 жылға дейін 7-ші сынып бітіргенше білім алды. Мектепте 2ші сынып оқып жүргенде самбо күресі үйрмесіне Ибрашев Қазбек Негметұлы өзінін тобына жазып қатыса бастады. Одан әрі 2007 жылы Орал қаласындағы спортка дарынды балаларға арналған облыстык мамандандырылған спорт интернатынын 8-ші сыныбына самбо-дзюдо боліміне кабылданды. 2011-ші жылы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатын ұтып Азия жане Әлем чемпионатына жолдама алды, Өзбекстан мемлекетінде өткен Азия чемпионатын ұтып спорт шебері нормативын орындап сол жылы Латвия мемлекетті Рига каласында өткен әлем чемпионатында 2-ші орын алып Қазақстан ұлттық құрама командасына қосылды. 2012 жылы Орал қаласында өткен әлем кубогы кезенін ұтып Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативын орындады. Отбасы толық, әкесі Раимкулов Бауыржан Кенжегулович 1963 жылғы, анасы Таубаева Роза Байыргалиевна 1965 жылғы, ағалары Раимкулов Айбек Бауыржанұлы 1989 жылғы, Раимкулов Нүрбек Бауыржанұлы1991 жылғы, карындасы Бауыржан Айдана 1996 жылғы. 2016 жылы үйленді. 2 ұл баланын әкесі. Орал каласында ұлттык спорт мектебінде жаттыктырушы кызметінде.

Жетістіктері:

Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты 2011 жыл 1орын Атырау каласы.

Азия чемпионаты 1орын Өзбекстан мемлекетті, Ташкент қаласында Әлем чемпионаты 2 орын Латвия мемлекеті, Рига каласында.

Жастар арасында Қазақстан чемпионаты 2012жыл 1орын Қараганда каласы.

Азия чемпионаты 3орын Өзбекстан мемлекеті, Ташкент қаласы.

Әлем чемпионаты Болгария мемлекеті 2орын.

Ересектер арасында Қазақстан чемпионы 2013,2015,2019,2020 жылы 1орын.

Азия чемпионаты 2014 Ташкент қаласы 1орын.

Әлем чемпионаты 2 орын Солтүстік Корея мемлекеті.

#знаменитыеспортсменыЗКО #БҚОатақтыспортшылары