ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Біздің атақты спортшылар!

Біздің атақты спортшылар!

Ерболат Байбатыров - самбодан төрт дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері

Ерболаттың алғашқы үлкен жеңісі 2003 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында «қола» жүлдесі болды. Жасөспірімдер арасында және жастар арасында Азия чемпионы атанды.

2005 жылдың маусым айында Ташкентте Ерболат 52 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Кейінірек ол бірқатар турнирлерде жеңіске жетті, оның ішінде 2007 жылы Орал қаласында өткен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлделі сайысы. 2007 жылы Ташкентте Азия чемпионы атанды.

2007 жылғы қарашада Прага 52 кг дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

2008 жылғы қарашада Санкт-Петербургте 52 кг дейінгі салмақта алғашқы рет әлем чемпионы атанды.

Ақырғы сайыста Ерболат ресейлік самбошы Валерий Сороноковты жеңді. 2009 жылы ол екінші рет Азия чемпионы атанды.

Грекиядағы Салоники қаласында өткен 2009 жылғы әлем чемпионатында қайтадан алтын ұтып алды. Финалда Ерболаттың қарсыласы ресейлік самбошы Денис Черенцов болды.

Ташкент қаласындағы 2010 жылғы әлем чемпионатында 57 кг дейінгі салмақта Ерболат үшінші рет алтын алды. Финалда Ерболат әзірбайжан Ислам Гасимовтан басым түсті.

Вильнюстегі 2011 жылғы әлем чемпионатынан Байбатыров өзінің төртінші алтынын қанжығасына байлады. Финалда Ерболаттың қарсыласы грузиялық Ушанги Кузанашвили болды.

Минскідегі кезекті әлем чемпионатында қазақ самбисті қола медалін қанағат тұтты.

2016 жылғы Софиядағы әлем чемпионатында Ерболат біршама үзілістен кейін 57 келіге дейін күміс медальді жеңіп алды. Финалда грузин самбисті Вахтанг Чидрашвилиге ұтылды.

Әлем кубогының үш дүркін чемпионы (2010, 2011, 2012), Әлем Суперкубогының чемпионы (2012)

#знаменитыеспортсменыЗКО #БҚОатақтыспортшылары