ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Біздің атақты спортшылар!

Біздің атақты спортшылар!

Каупенова Кенжеқыз Әлібекқызы 1997 жылдың 4 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Базаршолан ауылында дүниеге келді. 2003 жылы Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББМ-тің 1 сыныбына қабылданды. Мектеп қабірғасында оқып жүріп, волейбол, тоғызқұмалақ үйірмелеріне қатыстым. Волейбол ойындарында үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп «Үздік ойыншы» аталымын иеленді.

2013 жылы 9 сыныпты бітіріп Орал қаласындағы «Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің дене шынықтыру және спорт бөліміне оқуға қабылданды. Оқуға түскен кезден бастап армрестлингпен ( қол күшін сынау) айналысты.

2013 жылы желтоқсан айында Семей қаласында өткен «Қазақстан республикалық кубогында» І орын алды.

2014 жылы Алматы, Повладар, Өскемен, Петропавл қалаларында өткен чемпионаттарға қатысып І, ІІ орындарға ие болды.

2015 жылы қараша айында тараз қаласында «Ашық Азия» кубогында ІІ орын алды.

2016 жылы қазан айында Болгария елінің Благеевград қаласында өткен Әлем чемпионатында ІІІ орынға ие болды.

2017 жылы Венгрияның Будапешт қаласында өткен армрестлинг жастар арасында ХХХІХ Әлем чемпионатында қол күресінен І орын алды.

2018 жылы мамыр айында Бурабайда өткен қол күресінен Азия Чемпионатында І орын алды. Қазан айында өткен Түркия елі, Анталия қаласында өткен қол күресінен Әлем чемпионатында ІІ орын орын күміс жүлдеге ие болды.

#знаменитыеспортсменыЗКО #БҚОатақтыспортшылары