ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Біздің атақты спортшылар!

Біздің атақты спортшылар!

Қабдолов Армат Расулұлы 1998 жылы маусым айының 20-шы жұлдызында Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келді.

2005 жылы Тайпақ мектеп-гимназиясының 1-ші сыныбына қабылданып, 2011 жылға дейін 6-ші сынып бітіргенше білім алды. Мектепте 2-ші сынып оқып оқып жүргенде Тайпақ спорт кешеніндегі самбо күрес үйірмесіне қатысып бастады. Жаттықтырушылары - Габдулов Асет, Ибрашев Қазбек, Базаров Мейірім болды. 2011 жылы Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған спорт интернатының 7-ші сыныбына самбо-дзюдо бөліміне қабылданды. Спорт мектебіндегі жаттықтырушысы – Бекқалиев Нариман болды. Мектеп интернат оқушылары арасында 2014 жылы Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңіс тұғырынан көрініп, мектеп директоры Қ.Жанғалиевтың Алғыс хатымен марапатталды. 2016 жылы мектепті бітіріп, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжіне грант негізінде оқуға түсті. Отбасында әкесі- Мусагалиев Расул Кабдолович 1955 жылғы, анасы - Мусагалиева Насип Мустахаповна 1957 жылғы. Екеуі де зейнеткер. Ағалары 4-уі де үйленген, апасы тұрмыста. Өзі үйдің кенжесі. Қазіргі таңда М.Өтемісов атындағы Мемлекеттік университетінің студенті.

2017 жылы самбо күресінен 52 кг салмақта Қазақстан чемпионатынан жеңіс түғырынан көрініп, осы жылы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатынан да І орынды иеленді. 2017 жылы Сирбияда өткен Әлем чемпионатынан ІІІ орынға ие болды. 2018 жылы Қызылорда қаласында Қазақстан чемпионатында жеңіске жетіп, осы жылы Тбилиси қаласында өткен әлем чемпионатынан ІІ орын алды.

#знаменитыеспортсменыЗКО #БҚОатақтыспортшылары