“BIZBIRGEMIZ” жалпы ұлттық акциясы
“BIZBIRGEMIZ” жалпы ұлттық акциясы
2020 жылда жаһанды жалмаған жаңа ауру түрін естідік. Аты өшкір індет әлемді әбігерге салды.
Бірі асыраушысынан айырылса, бірінің уақытша кәсібі тоқтады.
Ешкімге оңай соқпағаны анық!
Дәл осы сын сәтте “Nur Otan” партиясы да елмен бірге болды. Партияның “BIZBIRGEMIZ” жалпыұлттық акциясы жүзеге асырылып, көптеген жанұяға көмек қолын созды.
Атап айтсақ, Маңғыстау облысы бойынша әр түрлі санаттағы 28 304 адамға 50 мың теңге қаржылай көмек берілді. Одан бөлек, 8 мың отбасыға еріктілермен есік аралап азық-түлік себеттерін үлестірдік.
Дүниені дүрбелеңге салған қиын кезеңде барлық қазақты бір тілек ғана біріктірді.
Ол - тыныштық, татулық, бірлік!
Ал, “Nur Otan” партиясының да басты мақсаты билік пен халық арасындағы тату байланыс.
Ендеше, 10 қаңтар «Nur Otan» партиясымен бірге бол!
Біз біріксек қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
