«Bizbirgemiz» акциясы аясында көмек көрсетілді.
«Bizbirgemiz» акциясы аясында қалалық мәслихат депуттары, қаламыздың белсенді кәсіпкерлері, БПҰ төрағалары біріге отырып Текелі кәсіптік колледжінің жатақханасында орналасқан, коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетті. «Bizbirgemiz» акциясы пандемия кезінде еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылуда. Дәрігерлердің айтуынша, жергілікті кәсіпкерлердің көмегі моральдық қолдау ғана емес, сонымен бірге дұрыс тамақтануға септігін тигізеді. Айта кетсек, азық-түлік жиынтығы - Текелі сүт зауытының өнімдері сапалы әрі сұранысқа ие. - Текелі қаласының медицина қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Үй көрмейді. Оларды қазір қолдау керек», - дейді қалалық мәслихат депутаты Дәуболат Нүсіпов.
