Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біз таза қаланы таңдаймыз

ZOOM платформасы арқылы өткен бейнеконференция «Біз таза қаланы таңдаймыз» тақырыбы аясында өрбіді.

Жиын жүргізушісі мекеменің биылғы жұмыс есебімен таныстырды. Есепке сәйкес, қаладағы 131 орталық көшелер мен гүлзарлардағы жасыл желектерді күтіп баптау жұмыстары өз уақытында атқарылуда. 2020 жылы қала көшелеріне 60 839 дана ағаш көшеттер және 1 407500 дана жаздық гүлдер, 500000 дана қызғалдақ гүлдер егілген екен. Ал, бүгінде 903 жұмысшы қаланың 100 көшесіне санитарлық тазалықты қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, 258 дана арнайы техникалар жұмыс жасайды.

Арнайы автокөліктер суғару маусымында түнгі және күндізгі аусымда жұмыс жүргізуде. Ұзындығы 154 483 шақырымды құрайтын 53 көшеде егілген 295734 дана ағаш көшеттерінің түбіне су құю, 170904 шаршы метр роза гүлдер мен жаздық гүлдердің жүйектеріне су құю жұмыстары 56 дана су тасымалдағыш арнайы техникалардың көмегімен жүргізіледі. Қыс мезгіліне арнайы 103 техника бөлінген, қыс уақытында көшелерді қардан тазалап, инертті материал себеді.

0
0
272

Осы тақырып бойынша

Біз таза қаланы таңдаймыз - Yvision.kz