Біз бәріміз біргеміз.
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керек. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз» - Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаевайтқандай бүгін аудандық партия филиалында мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізілді. Кездесуді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева Жүргізіп отырды. Кез-келген қоғамда, даму деңгейі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан, әлеуметтік қиындықтар кездеседі. Мәселен, біздің ортамызда әлеуметтік көмекке, қолдауға зәру сырқат азаматтар ауданымызда аз емес. Әлбетте, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Бүгінгі шара «Біз бәріміз біргеміз» мүмкіндіктері шектеулі, әлеуметтік қорғаусыз азаматтармен мүгедектігі бар адамдар арасында белсенді өмір сүру салтын насихаттауға бағытталды.

«Өмір- күрес. Осы өмірге келдің бе – ештеңеге мойымай күресу керек, өмір сүру керек. Егер адам алдына міндет қойып, алға ұмтылса, еңбектенсе, онда ол міндетті түрде арманының орындалуына қол жеткізеді. Аталмыш кездесуге аудандық жұмыспен қамту, бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Б.Нұрмаханов мен сектор меңгерушісі А.Искакова және аудандық емхана ВКК дәрігері Ш.Өтепбергеновалар қатысты. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан түскен ұсыныстарға тұщымды жауаптар беріліп, партия назарына алынды.
