Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біз Атомға қарсымыз!!!

Олжас Сулейменов, біздің елдегі Семей полигонының жабылуы осы есіммен тікелей байланысқан еді. Мың да бір алғыс! 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов.

Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді.

Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында,халық арасында қаншама үгіт насихаттар жүрді, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады.

Ядролық қаруды қолдағанша, бейбітшілік өмірге шақыру керек барлығымызға. Осы постты оқыған әр бір адам менімен келісер деген үміттемін. Қатарымызды көбейтуге ат салысайық.

Бейнеклип, Семей невада жайлы:

https://www.youtube.com/watch?v=oeA22r9YnRQ

 


0
0
2962

Осы тақырып бойынша

Біз Атомға қарсымыз!!! - Yvision.kz