«Біз адалдықты таңдаймыз!» акциясы
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2017 жылдың 29 маусымда «Еуразия» туристік сауықтыру кешенінде облыстықжастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп лагерь демалушыларына «Біз адалдықты таңдаймыз!» атты акция ұйымдастырды.
Аталған акцияның басты мақсаты – жастарды адалдық жолына шақыру, патриоттыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Акция барысында ресурстық орталық мамандарымен «Кім күшті, кім әлсіз?» атты тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар, акция соңында жастар қағаз ұшақтарға өз тілектерін жазып, акция эстафетасын басқа лагерьлерге жолдады.
