Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біз Абай жолындамыз

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Абай өлеңдеріне иллюстрация жасау” байқауы өтті. Һәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Мектептің фойесінде ұйымдастырылған көрмені мектеп ұжымы, қонақтар бір апта бойы тамашалады. Оқушылар Абай шығармаларына өздерінің көзқарастарын білдіріп, бейнелеу өнер арқылы жеткізуге тырысты. “Әр туынды-бір бөлек әлем”,- деп қорытындылай келе өнер мамандары бастаған кураторлардан құралған қазылар алқасы көрменің қорытындысын шығарды. Сонымен, Жоғарғы буын: 1-орын: 11 «В» сыныбының оқушысы - Бегулиева Камила 2-орын: 10 «С» сыныбының оқушысы – Жүсупхан Аманмырза 3-орын: 10 «А» сыныбының оқушысы – Темір Нұрдәулет Кіші буын: 1-орын: 7 «А» сыныбының оқушысы – Әбдіжанқызы Айзере 2-орын: 7 «А» сыныбының оқушысы - Нұргожина Айсұлу 3-орын: 7 «С» сыныбының оқушысы – Абдулхамит Аянат «Әлем таныған ұлы Абая» атты іргегазеттер байқауының нәтижелері: 1-орын: 7 «D» сыныбы 2-орын: 8 «В» сыныбы 3-орын: 10 «К» сыныбы Оқушылардың талаптарына нұр жауып, өнерлері шыңдана берсін демекпіз!

0
0
283

Осы тақырып бойынша

Біз Абай жолындамыз - Yvision.kz