Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біз Абай сияқты елді сүюді үйренуіміз керек

«Біз Абай сияқты елді сүюді үйренуіміз керек. Абайдың бай мұрасы қазақ ұлтының жаңа санасын қалыптастыруға қызмет етеді», - деді бір сөзінде мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Қандай қызмет болмасын, қандай сала болмасын, ісімізді адал атқаруға бағыттайтын, ол – елге, Отанға деген ыстық сезім деп білемін. Осы бағытта, өзімді ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзімнің депутаттық белсенділігіммен үлес қосып келемін деп нық сеніммен айта аламын. Еңбек жолымды 1992 жылы Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы болып бастаған болатынмын. Қазіргі таңда, 2008 жылдан бері Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқарып келемін. Осы еңбек жолымда қай салада қызмет атқарсам да, барлық күш жігерімді толықтай жұмсап, өзіме жүктелген қызметтік міндетімді жоғарғы деңгейде атқаруға тырыстым және атқарып келемін. «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде, партияға мүше болуымның себебіне және партия жөнінде тоқтала кетсем: партияның мақсаттары мен ұстанымы менің қызметтік жолдағы және өмірлік көзқарасым мен мақсатыма сәйкес келуінде, себебі, қазіргі таңда, халықтың көпшілігінің мүддесін білдіретін саяси күш-елді жан-жақты жаңғыртуды жүзеге асыруға қабілетті «Nur Otan» партиясы.

Әлемдік қауымдастықтың ажырағысыз бөлшегі ретінде біздің еліміз де

өз дамуының аса маңызды кезеңін бастан кешуде. Елдің дамуының құраушы күші, ол-ауданның, ауылдың дамуынан қалыптасады.

Ауданның бүгінгі тыныс тіршілігінен хабардар етер болсам,әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жылдан - жылға өсуімен байланысты халықтың да тұрмыс жағдайы, әл ауқаты жақсару үстінде.

Құрметті оқырмандар, жерлестер! Алдымызда үлкен саяси науқан келе жатыр, сол себепті еліміздің ары қарай дамыту мақсатында «Nur Otan» партиямызды бір адамдай қолдап, еліміздің жарқын болашағын бірге көрейік!!

0
0
157

Осы тақырып бойынша