ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Биылғы сайлау Парламентке және жергілікті мәслихаттарға жаңа тұлғаларды алып келді

Биылғы сайлау Парламентке және жергілікті мәслихаттарға жаңа тұлғаларды алып келді. Ол азаматтар өз міндетін орындауға кірісіп кетті. Бір айта кетерлігі, бұдан былай қоғамдық қабылдаулар тоқсан сайын емес, ай сайын өтеді. Сонымен бірге депутаттарымыз ауыл-аймақты, шалғай елді мекендерді аралап, тұрғындармен тікелей жүздеседі. Мұң-мұқтаждарын тыңдайды. Осы арқылы өңірдегі өзекті мәселелерді шешуді жоспарлап отырмыз.

Түркістан облысы бойынша облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарға «Nur Otan» партиясы фракциясынан 263 депутат сайланған. Оның 37-сі – облыстық мәслихат депутаттары. Бұл азаматтар Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында қоғамдық қабылдаулар өткізіп жатыр. Қаңтар айынан қазіргі күнге дейін Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихаттардың жаңа депутаттары 70 кездесу өткізіп, 214 тұрғынның өтініштері мен талап-тілектерін қабылдап үлгерді. Оның ішінде облыстық мәслихат депутаттары 35 қоғамдық қабылдау өткізіп, 175 тұрғынның өтінішін қабылдады. Оның 84-і оңтайлы шешіліп, 91-не заң аясында кеңес берілді. Тұрғындар әсіресе, тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтік сала бойынша жиі мәселе көтеруде. Әрбір арыз-шағым «Nur Otan» партиясы фракциясындағы депутаттарымыз арқылы жергілікті атқарушы билікке жолданады. Шешу жолдары қарастырылады.

Партияның облыстық филиалы арқылы әр депутаттың қоғамдық қабылдау кестесі жасақталды. Олар алдын ала әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жарияланып жатыр. Сонымен бірге басқарма және департамент басшыларының да қоғамдық қабылдаулары ұйымдастырылады. Карантин талаптары қатаң сақталады. Жағдайға байланысты онлайн режимде өтініштер қабылдауға басымдық беріледі. Назарларыңызға партиямыздың Түркістан облысында орналасқан қоғамдық қабылдау бөлмелерінің телефон нөмірлері мен әлеуметтік желідегі мекен-жайларын ұсынамыз.

Біздің партиямыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша жұмыс істейді. Әрбір сайлаушының, тұрғынның пікірі маңызды.