Биыл тәуелсіз Республикамызға 30 жыл толады.
Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада танымал болып, әлемдік экономикалық жүйелер арасында лайықты орын алды деп сеніммен айтуға болады.
"Egemen Qazaqstan" газетінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Мемлекет басшысы егеменді мемлекетіміздің маңызды құндылықтары мен даму аспектілерін атап өтті.
"Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуі тиіс." деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан халқы өзінің тәуелсіздігін бағалайды және оның қандай бағамен алынғанын есіне алады. Өйткені, Тәуелсіздік-халық пен елдің басты құндылығы. Бұл ел дамуының әлеуметтік-экономикалық жолын, оның ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ҚХА-ның маңызды рөлін айта келе, 25 жыл бойы тиімді жұмыс істеп, бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізін қалағандығын атап өтті.
Елімізде барлық ұлттардың өсуі мен тең мүмкіндіктері үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстандағы ұлтаралық келісім саясаты бүкіл әлемде мойындалған. Біз халқымыздың үйлесімділігін бағалай білуіміз керек және әрбір азаматтың борышы - ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау.
Маңғыстау облысы ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Аманкул Джайлханова
