Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біржан Нұрымбетов Ақмола облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында гранттарды беру...

Біржан Нұрымбетов Ақмола облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында гранттарды беру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесіп, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне бизнесті дамытуға гранттар беру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды. Сондай-ақ, ҚР Еңбекминінің басшысы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды қабылдады. Өңір тұрғындарымен әңгіме барысында Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Біржан Нұрымбетовтің аймақтағы бағдарламасы Зерендіден басталды, онда министр «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында грант және микрокредит алған жеке кәсіпкерлердің бизнестің дамуымен танысты. Мәдина Қостанованың шаштаразы мен Айжан Мұханжарованың кафесінде жағдайды көрген соң, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы әйелдерді кәсіпкерлік бастамаларының сәтті жүзеге асырылуымен құттықтады.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында микрокредиттер мен гранттар түрінде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жақсы құралдары бар. Сонымен қатар, ол «Бастау Бизнес» жобасының аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту көзделген. Ақмола облысында биылғы жылы 2785 адам оқудан өтті, 1768 адам өздерінің бизнес жобаларын қорғады, олардың ішінде 846 адам жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін шағын несиелер мен гранттар алды. Сіздің бизнесіңіздің сәтті дамып жатқанына және сіздердің отбасыларыңыздың материалдық жағдайларын жақсартып қана қоймай, ауылдастарыңызға жұмыс ұсынып жатқандарыңызға шын жүректен қуаныштымын», – деді Біржан Нұрымбетов іскер әйелдермен сұхбатында.

Сонымен бірге, Зеренді ауданының жұмыспен қамту орталығына барған кезде министр қызметкерлеріне Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау, көпбалалы және табысы аз отбасыларды бизнеспен айналысуға тарту, оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.

«Бұл үшін тетіктер бар. Ақмола облысында биыл 1 143 грант бөлуге қаражат бөлінді, олардың 782-і немесе 68,4%-ы ғана берілді. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін микрокредиттер мен гранттар беру бойынша жұмысты жандандыру қажет деп санаймын», – деп атап өтті ҚР Еңбекминінің басшысы.

Көкшетауда Біржан Нұрымбетов «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде қабылдау өткізді.

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Біржан Нұрымбетов өңірдің 40 жұмыс берушісімен кездесті. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен әңгіме барысында министр мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы әлеуметтік серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында түсіндірді.

-------------------------------------------------------------

В рамках рабочей поездки Заместителя Премьер-Министра РК Бердибека Сапарбаева в Акмолинскую область Министр труда и социальной защиты населения РК Биржан Нурымбетов встретился с участниками Госпрограммы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек» и рекомендовал сотрудникам центра занятости населения активизировать работу по выдаче грантов на развитие бизнеса. Также глава МТСЗН РК провел прием граждан в филиале партии «Нур Отан». В беседах с жителями региона Биржан Нурымбетов разъяснил основные направления Послания Президента РК Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана.

Программа Биржана Нурымбетова в регионе началась с с. Зеренда, где министр ознакомился с развитием бизнеса индивидуальных предпринимателей, получивших грант и микрокредит в рамках реализации Госпрограммы «Еңбек». Посмотрев, как идут дела в парикмахерской Мадины Костановой и в кафе Айжан Муханжаровой, глава МТСЗН РК поздравил женщин с успешной реализацией их предпринимательских инициатив.

  «В Государственной программе «Еңбек» есть хорошие инструменты для развития массового предпринимательства в виде микрокредитов и безвозмездных грантов. Кроме того, предусмотрено обучение основам предпринимательства в рамках проекта «Бастау Бизнес».  В Акмолинской области в этом году обучением охвачено 2 785 человек, 1 768 человек защитили свои бизнес-проекты, из них 846 человек получили микрокредиты и гранты на реализацию новых бизнес-идей. Я искренне рад, что ваш бизнес успешно развивается и вы не только улучшили материальное положение своих семей, но и предоставляете работу односельчанам», – сказал Биржан Нурымбетов в беседе с бизнесвумен.

При этом в ходе посещения центра занятости населения Зерендинского района министр рекомендовал его сотрудникам активизировать работу по реализации поручения Главы государства, озвученного в Послании народу Казахстана, по вовлечению в предпринимательство многодетных и малообеспеченных семей, в том числе через реализацию Госпрограммы «Еңбек».

«Механизмы для этого есть. В Акмолинской области на этот год предусмотрены средства на выделение 1 143 грантов, выдано только 782 или 68,4%. Для достижения запланированных показателей считаю необходимым активизировать работу по выдаче микрокредитов и грантов», – подчеркнул глава МТСЗН РК.

В Кокшетау Биржан Нурымбетов провел прием граждан в общественной приемной областного филиала партии «Нур Отан».

В рамках рабочей поездки в Акмолинскую область Биржан Нурымбетов также встретился с 40 работодателями региона. В ходе беседы с руководителями предприятий и организаций министр подчеркнул важность социального партнёрства между государством, работодателями и работниками.

Напомним, ранее Биржан Нурымбетов разъяснил Послание Президента РК народу Казахстана в Алматы, Восточно-Казахстанской, Карагандинской, Атырауской, Западно-Казахстанской, Туркестанской, Актюбинской и Павлодарской областях, а также в г. Шымкент.

0
0
282

Осы тақырып бойынша

Біржан Нұрымбетов Ақмола облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында гранттарды беру... - Yvision.kz