«Бірыңғай әлеуметтік терезе» аясында «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында
«Бірыңғай әлеуметтік терезе» аясында «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында азаматтарды қабылдау өтті 2019 жылы 27-28 ақпан күндері «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да санаттарына кешенді қызмет көрсету бойынша «Бірыңғай әлеуметтік терезе» жұмысы өтті.
Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімдерінің мамандары жұмыс тобының құрамында азаматтарды қабылдауға қатысты, өтініш берген отбасыларының мәселелерінің жедел шешімін қамтамасыз етті.
