Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бірігіп күш біріктіреміз, жемқорлық кеселін жеңеміз!»

2015 жылдың 21 мамырында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті және Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы қол қойылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл Жоспарын іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп БҚО «Заман» өндірушілер қауымдастығы, «Әділет» құқықтық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік үгіт-насихаттау көрнекілік жұмыстарына бағытталған «Бірігіп күш біріктіреміз, жемқорлық кеселін жеңеміз!» атты конкурсы «Үздік үгіт-насихаттау жұмыс», «Өткір сатира», «Үздік бастама» аталымдары бойынша өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша 12 қатысушы марапатталды.

Аталған шара ағымдағы оқу жылында Департаменттің бастамасымен қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен мектептерде ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бағытындағы сыныптан тыс шаралардың (кездесулер, ашық сабақ, пікір-сайыс және т.б.) қорытындысы болып табылады.

0
0
313

Осы тақырып бойынша

«Бірігіп күш біріктіреміз, жемқорлық кеселін жеңеміз!» - Yvision.kz