Біргеміз, Жетісу!
Бүгін Алматы облыстық партия филиалында «Біргеміз Жетісу» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Аталмыш қор Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы аясында қолға алынып, облыстық қорға қазірдің өзінде меценаттардан 168 млн.тенге көлемінде қаржы түсіп отыр.
«Өздеріңіз білетіндей, Елбасының тапсырмасымен Республикамызда «Birgemiz» атты қор құрылды. Қордың мақсаты халыққа азық-түлік себеті және ақшалай өтемақы түрінде көмек көрсету бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру. Қорға жинақталған қаржылай көмекті тиімді әрі мақсатты жұмсау үшін облысымызда «Birgemiz jetisy» атты аймақтық қор құрылып, басшысы Даутов Тимур Ермекұлы бекітілді.Республикалық қордан аймақтық қорға 168 млн.тенге көлемінде қаражат аударылады. Осы орайда, облыс орталығы Талдықорған қаласы бойынша 7 санатынан құрылды." - деп қордың қамқоршылық кеңес төрағасы Ж.Жөргенбаев атап өтті.
Аймақтық қор 7 санат бойынша бекітілген тізімге сәйкес екінші деңгейдегі банктерге (Халық банкі және қажет болған жағдайда басқа банктерге) банктік есепшотқа (жеке тұлғаның карточкалық немесе ағымдағы шотына) ақша аударымын аудару үшін береді. Ақша аударымы туралы банктің СМС хабарламасында Сіздің шотыңызға «Birgemiz» қорынан 50 000 теңге келіп түсті. #BizBirgemiz, Елбасы, «Nur Otan» хэштегтері қоса жазылатын болады.
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі
