Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бильярд ойынынан ардагерлер арасындағы қалалық ашық турнир өз мәресіне жетті

"16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай өткізілген бильярд ойынынан ардагерлер арасындағы қалалық ашық турнир өз мәресіне жетті.

20-дан астам қала және ауыл ардагерлерінің басын қосқан турнир өте жақсы деңгейде өтті. Жарыс қорытындысы бойынша І орын - Бекбатыров Асанға,

ІІ орын - Досжанов Түркешке және

ІІІ орын - Қынабаев Құрбанбай зейнеткерге бұйырды. Жеңімпаз-жүлдегерлер Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы төсалқа, дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаздар да қалалық турнирдің өткізілуіне мұрындық болған қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі мен Жаңаөзен қаласының "Ардагерлер ұйымына" алғысын жеткізді.

0
0
213

Осы тақырып бойынша

Бильярд ойынынан ардагерлер арасындағы қалалық ашық турнир өз мәресіне жетті - Yvision.kz