Білімнің Хантәңірі - ҚазҰУ
Қазақ Ұлттық университетінің заң факультеті Республика бойынша жоғары дәрежелі заң кадрларды дайындайды. Қазақ Ұлттық университетінің заң факультеті 84 жыл бойы өз жемісін беріп келеді. Заңгерлердің жоғары дәрежеде дайындығын жоғары білікті оқытушылар қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда заң факультетінде 4 кафедра жұмыс істейді:
1) Мемлекет және құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы
2) Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы
3) Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы
4) Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы
Халықаралық ғылыми атақ пен дәрежені мойындату үшін, оқытушылар мен студенттердің академиялық белсенділігін қамтамасыз ету үшін үшінші дәрежелі оқу жүйесіне ауысу жүзеге асырылған (бакалавриат – магистратура - докторантура). Факультетте бір ҚР ҰҒА академигі, 30 докторлар мен профессорлар, 80-нен аса ғылым кандидаттары, доценттер, сонымен қатар ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Президерті Әкімшілікгі, ҚР Жоғары Соты, Құқық қорғау органдары мен ғылым Академиясынан жоғары тәжірибелі мамандар жұмыс жасауда. Олардың басым көпшілігі шет тілдерін меңгерген, АҚШ, Еуропа, Туркия және өзге де мемлекеттерде тағылымдамадан өтіп келген.
Факультет әкімшілігі студенттердің шығармашылық потенциалы үшін барлық жағдайлар жасалған.Факультеттің барлық кафедраларында студанттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Факультет студенттері факультетте жыл сайын өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, Республикалық және аймақтық конференцияларға, олимпиадаларға, сайыстарға белсенді қатысады. Сот отырысы залы; Интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сынып; бейнеаппараты, фотозертханасы, компьютерлік техникасы бар криминалистикалық зертхана; сот сараптамалық зертханасы оқу үрдісі кезінде ұтымды пайдаланылады.
Біздің студенттер сабағын жақсы оқып қана қоймай, қызыққа толы студенттік өмірге араласады. Олар студенттік өзін-өзі басқаруды жетілдіреді, КВН қатысады, университеттің спорттық шараларына қатысады, мейрамдық концерттер мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады.
Заң ғылымдарының магистры Есламғалиев Ж.Р.
