Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Білімнің дамуы елдің дамуы» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы ғимаратында облыстық партия филиалы жанындағы «Білім» бағытындағы аймақтық комиссия жетекшісі Қылышбай Бисеновтің төрағалығымен «Білімнің дамуы елдің дамуы» тақырыбында білім саласы өкілдерінің кездесуі өтті. Онда Жоғары және Орта арнаулы оқу орындарындағы онлайн білім беру, ұстаздар біліктілігі секілді бірқатар мәселелері талқыланды. Қай заманда болмасын адамның ақыл-ойымен бірге алған ілім-білімі де жоғары бағаланған. Қазақ халқы «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп, білім алудың артықшылығын мақалға қосқан.Өйткені, білім мен ғылым дамыған сайын адамның ой-өрісі де өсіп, қоршаған ортаны тани түседі, дүниетанымы өзгереді. Бүгінде еңбек нарығында білімді азаматқа сұраныста арта түсті. Технология дамыған сайын қарапайым еңбек құралы да түрленіп, жетіле түскенін күнделікті өмірден көріп жүрміз. Бұл өз кезегінде сұранысқа сай маман даяралауға алып келеді, - деді өз сөзінде комиссия жетекшісі Қылышбай Бисенов. Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі директорының міндетін атқарушы Жақсыгүл Тоғанова білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігін айтып, студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отырғандығын тілге тиек етіп, бұл орайда Біздер, педагогтер қауымы бүгінгі ақпараттық қоғамнан қалыс қалмай жедел ойлаушы, дереу шешім қабылдаушы, ұйымдастырушылық қабілет, нақты бағыт-бағдар беруші болуға тиіспіз деп атап өтті. Жиында сала мамандары білім саласындағы кемшін тұстар мен саланы дамытуға қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды

0
0
105

Осы тақырып бойынша

«Білімнің дамуы елдің дамуы» тақырыбында кездесу өтті - Yvision.kz