Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білімнен соң ғылым!

Білімнен соң ғылым!

Адамзаттың өркендеуі және оның қазіргі таңдағы барлық жетістіктері тек ғылымның арқасында іске асты. Ішіп отырған ас-суымыз, киіп жүрген киіміміз, тұрып жатқан үйміз, мініп жүрген көлігіміз, күнделікті пайдаланып жүрген дүниелеріміз, бізге комфорттық жағдай жасап жылу, су, ток, байланыс және басқа да ресурстарды шығаруға жұмыстанып тұрған нысандардың барлығы ғылымның негізінде жасалған. Ғылым - түбі жеткізбейтін, аясы кең, мүмкіндігі шексіз Жаратушының адам баласына берген сыйы. Оны тек жақсылыққа пайдалану қажет!

«Ғылымсыз адам – айуан,

Не қылсаң да, ғылым бiл.

Ғылымға да керек жан,

Ақылсыз болса, ғылым тұл.

Ақылға еркiн ой керек,

Матаудан ойды азат қыл.

Әдеттенiп ертерек,

Өрiсiн кеңiт жылма-жыл» - деп Шәкірім Құдайбердіұлы айтқандай, Қазақстанның болашағы ғылымсыз мүмкін емес.

партиясы өз бағдарламасында ғылым саласына аса мән беріп, келесі міндеттерді мойнына алып отыр:Осы орайдаNur Otan

📷Ғылымды қолдау және еліміздің зияткерлік әлеуетін дамыту үшін еліміздің ең бәсекеге қабілетті 20 жоғары оқу орнының базасында академиялық артықшылық орталықтары құрылады.

📷Жыл сайын дүниежүзілік жетекші ғылыми орталықтарға 500 қазақстандық ғалым тағылымдамаға жіберіледі.

📷Жас ғалымдарға бөлінетін жыл сайынғы гранттардың санын 1000-ға жеткіземіз.

📷Магистранттар мен докторанттар стипендиясын 1,5 есе өсіреміз.

📷Барлық мемлекеттік ғылым орталықтарына жұмыс тиімділігі мен нәтижелігіне қатысты толық аудит жүргізіліп, ғылыми ұйымдар мен ЖОО жабдықтары жаңартылады.

📷Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы, ұлттық ғылыми кеңестің жұмысын жетілдіру және ғылым нәтижелігінің нақты критерийлерін енгізу арқылы ғылымға жұмсалатын бюджет қаражатын бөлу мен тиімділігінің айқындылығы жоғарылатылады.

Заңнамаға:

📷ірі бизнесті жоғары оқу орындарына тәлімгерлік жасауға тартуды;

📷мемлекеттік бағдарламаларды, салалар мен өңірлерді дамыту жоспарларын, сондай-ақ квазимемсектор субъектілерін дамыту стратегияларын әзірлеу кезінде отандық ғалымдардың әлеуетін пайдалануды;

📷жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың пайдалы қазбаларды өндіруге арналған шығындарының 1%-і мөлшеріндегі аударымдарын бюджетке ғылыми мақсаттарға орталықтандырылған түрде бөлу үшін жолдауды көздейтін нормалар енгізіледі.

📷Біз ғылымды қаржыландыруды ұлғайтамыз және қаражатты пайдаланудың толық ашықтығын қамтамасыз етеміз, сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесіне сәйкес ғылыми жобалардың тиімділігін арттырамыз.

Сапалы білімі мен саналы ұрпағы бар, бейбітшілік пен келісім орнаған елде ғана ғылым дамиды!

#NurOtan

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
147

Осы тақырып бойынша

Білімнен соң ғылым! - Yvision.kz