Білімді елдің, болашағы жарқын
Білімді елдің, болашағы жарқын демекші барлық деңгейде сапалы білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету облыстың одан әрі дамуы үшін маңызды шарт болып табылады. Бүгінгі күні өңірде 791 мектепке дейінгі мекеме, 647 мектеп, 82 колледж, 7 ЖОО жұмыс істейді. 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылуы 100 % құрайды, 1-6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 13,6% - ға өсті (66%- дан 75%-ға дейін). Барлық 646 мектеп (100%) жылдамдығы 4 МБ/с және одан жоғары жылдамдық желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етілді.
Дегенмен, білім саласының сапасын одан әрі арттыру үшін “Nur Otan” партиясы бірқатар міндеттерді алға қойды. Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 100% қамтылуын сақтау үшін 5140 орынға арналған 9 балабақша салу, 5540 орынға арналған 7 мектеп салу (Семей- 5 мектеп, Риддер – 1 мектеп жәнеҚ.Қайсенов к.-1 мектеп) жоспарланған. Сонымен қетер, барлық 646 мектепті жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықтау міндеті тұр. Шекаралас аймақтарда (Күршім, Катон-Қарағай, Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандарында) білім беру нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіп, білім беру мекемелерінде жазылудың бірыңғай электронды жүйесін және мектептерде алдыңғы қатарлы smart-шешімдер енгізу көзделді.
Төтенше жағдай мен карантин шараларының енгізілуі білім беру жүйесіне өз ықпалын тигізгенін айта кеткен жөн. Қашықтықтан оқыту нысаны сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын компьютерлік техникамен толық қамту мәселелерін шешу және мұғалімдердің жалақысын жыл сайын 25%-ға көбейту алдымызда тұр.
«Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының Сайлауалды бағдарламамыз шығысқазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, өңірдің экономикалық-әлеуметтік даму жолында нақты шараларды ұсынамыз. Алдағы уақытта Сіздермен тығыз байланыста жұмыс істейміз деген сенімдемін. Барлық сұрақтарыңыз бен игі бастамаларыңызға ашықпын. Бірге талқылайық !
«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Қ.Шаймарданов.
