ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Білім жүйесінде кадр іріктеуді жетілдіру: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

2017 жылдың 16 наурызда Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының мәжіліс залында «Білім жүйесінде кадр іріктеуді жетілдіру: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою» диалог алаңы өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары және бағынысты мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Диалог алаңында педогикалық кадрлардың облыстағы жәй-күйі, педагогикалық кадрларды жұмысқа қабылдау кезіндегі туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, балабақшаларда орындарды үйлестірілудің ашықтығы және мүдделер қақтығысы мәселелері талқыланды.