Білім және ғылым министрлігінің соңғы мәлімдемесіне сәйкес, бүкіл елге бірегей мектеп формасы болмайтын болды.
Білім және ғылым министрлігінің соңғы мәлімдемесіне сәйкес, бүкіл елге бірегей мектеп формасы болмайтын болды. Яғни, мектеп қабырғасында киілетін форманы таңдау құқығы ата- аналар, оқушылар мен мектеп ұжымына берілетін болды. Арине, барлық мектеп формаларына міндетті белгілі талаптар да болмақ. Оларға сәйкес, мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіліп, күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. Бұл арқылы әр мектеп өзінің ерекше бейнесіне қол жеткізе алатыны анық.
